jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда ретсіз қалдырылған самокаттарға қатысты қандай шара қолданылады: полиция жауап берді

Тротуар үстіндегі самокат
Самокаттар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда рұқсат етілмеген жерлерде қалдырылған самокаттар тәркіленеді. Бұл туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы ПД-ның Instagram- дағы аккаунтында жарияланған мәлімет бойынша, полицияда кикшеринг компанияларымен және жеткізу қызметтерінің өкілдерімен кезекті жұмыс кездесуі өткен.

Жиын барысында қауіпсіз инфрақұрылымды қалыптастыру, көлік құралдарын дұрыс орналастыру және пайдалану қағидаларын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланған.

"Ретсіз қалдырылған самокаттар тәркіленетін болады. Бұл – бизнеске қысым көрсету емес, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.

Оның айтуынша, қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз ету мақсатында кикшеринг компаниялары, жеткізу қызметтері, әкімдік, прокуратура органдары, депутаттық корпус және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр.

Жұмыс тобы аясында социологиялық зерттеулер жүргізу, қазіргі ахуалды талдау, сондай-ақ электрсамокаттар, электровелосипедтер, мопедтер мен курьерлік қызмет саласындағы кешенді қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Негізгі мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және микромобильдік құралдар мен жеткізу қызметі қатысушыларының қызметін заң мен тәртіп талаптарына сай реттеу.

Алматыда ретсіз қалдырылған самокаттарға қатысты қандай шара қолданылады: полиция жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.