jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала іздестіріліп жатыр

Жоғалып кеткен бала
Жоғалып кеткен бала. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

ІІМ Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар Бибарыс Бекнұрұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Жеке мәліметтері: Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150-155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы.

Үстіне қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және аяғына жасыл түсті аяқ киім киген.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе "102" арнасына хабарлауды сұрайды.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.