jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтауда полиция екі айлық нәрестенің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда екі айлық нәресте көз жұмды. Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Баланың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Қайғылы оқиға туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оның жазуынша, көршілері нәрестенің анасына және онымен бірге тұрған адамға қатысты бірнеше рет шағымданған. Көршілерінің айтуынша, олар алкогольдік ішімдік ішіп, подъезде ұрыс шығарған.

Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған жергілікті "Лада" басылымының мәліметінше, 2026 жылғы 4 сәуірде сағат 11:00-де "102" пультіне қаладағы медициналық мекемелердің бірінен екі айлық нәрестенің көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Денені алғаш тексеру кезде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған кешенді тексеру шарасы жүргізіліп жатыр. Отбасы бұрын құқық қорғау органдарының бақылауында болғаны және учаскелік қызмет жүйелі түрде бақылап тұрғаны анықталды", - делінген ПД ұсынған ақпаратта.

Сонымен қатар ведомство 2025 жылғы 19 қарашада учаскелік полиция инспекторы заң нормаларын және қылмыстың алдын алу мәселелерін түсіндіру бойынша подъезд тұрғындарымен жиын өткізгенін хабардар етті.

Сондай-ақ баланың әкесі төрт рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ақтауда полиция екі айлық нәрестенің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.