jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Күнтізбе
Күнтізбе. Иллюстрациялық фото: Pakin Songmor/Getty Images

Биыл қазақстандықтар мамырда төрт мерекені атап өтеді. Мерекеге орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды eGov.kz мемлекеттік порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2026 жылғы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні биыл жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан – 1 мамырдан 3 мамырға дейін демалады.

Төрт жұмыс күнінен кейін, қазақстандықтар тағы бір мереке күтіп тұр. 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Бұл күн бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар тек бір күн ғана демалады.

9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл мереке сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында демалады.

Бұдан бөлек, биыл Құрбан айттың бірінші күні сәрсенбі, 27 мамырға түсіп тұр, бұл жұрт тағы бір күн демалады деген сөз.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамырда 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.