jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шығыс Қазақстанда ен даладан 3 жасар бала табылды

Баланы табу сәті
Баланы табу сәті. Кадр: t.me/dp_abai

Абай облысында салт атты полиция қызметкері жоғалып кеткен 3 жасар баланы ен даладан тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми Telegram арнасында хабарланғандай, 8 сәуірде 3 жасар бала Ақсуат ауданындағы үйдің ауласынан шығып, жоғалып кеткен.

Туыстары таңнан іздеуге кірісіп, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Сол сәттен бастап барлық күш баланы іздеп табу үшін дереу жұмылдырылды.

"Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді.

Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында салт атты полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды — ол елді мекеннен алыс жерде жалғыз жүрген.

Толқығанын жасыра алмаған полицей баланы: "Айналайын, келе ғой…" — деп шақырған.

Сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Бақытқа орай, ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ — бала тек адасып кеткен.

Бұл оқиға — уақыттың әр минуты маңызды екенін және үйлесімді әрекеттің маңызын еске салады. Кейде нағыз ғажайып – дер кезінде табылған бала", - делінген ведомство хабарламасында.

Шығыс Қазақстанда ен даладан 3 жасар бала табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.