FlyArystan Астанадан ұшатын жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады
Жарияланған күні:
FlyArystan әуекомпаниясы елорда әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Астанадан ұшатын жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуе тасымалдаушысының Telegram-дағы арнасындағы мәлімдеуінше, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.
Бұл ретте жолаушылар терминалы мен барлық қызмет көрсету аймағы қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жұмыс істейді.
"Ұшу алдындағы барлық рәсімнен жайлы әрі уақытылы өту және тіркеу мен тексеру аймақтарында мүмкін болатын кезектерді болдырмау мақсатында әуежайға алдын ала келулеріңізді сұраймыз:
- ішкі рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;
- халықаралық рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын.
Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескерулеріңізді ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2364474-flyarystan-astana-qalasynan-ushatyn-zholaushylar-ushin-mangyzdy-habarlandyru-zhasady/