jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Сәтбаевта медицина қызметкерлері жұмыс кезінде ішімдік ішіп, отырыс жасаған

Сәтбаевтағы ауруханадағы отырыс
Сәтбаевтағы ауруханадағы отырыс. Кадр видеодан: t.me/kozachkow

Сәтбаевтағы ауруханалардың бірінде медицина қызметкерлері ішімдік ішіп, отырыс ұйымдастырған. Жергілікті тұрғындар бұл сәтті бейнежазбаға түсіріп алған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы оларға қатысты тиісті шаралар қолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kozachkow Telegram-арнасында Сәтбаевтағы ауруханалардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, Наурыз мейрамы қызып жатқан тұста жергілікті тұрғындар медициналық мекемеге көмек сұрап келген. Алайда, көмектің орнына олар ішімдік иісі мен медицина қызметкерінің түсініксіз әрекеттеріне тап болған көрінеді.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне 21 наурыз күні күндіз Сәтбаев ауруханасының аумағында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өткенін растады. Ал кешкісін кезекші дәрігер мен аурухана қызметкерлері ішімдік ішіп, дастархан жайған.

"Іс-шараны өткізуге аурухана әкімшілігі рұқсат бермеген, сондай-ақ болған оқиға туралы басқармаға дер кезінде хабарланбаған. Басқарма бұл жағдай туралы мерекелік демалыстардан кейін ғана білді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жедел түрде ауруханаға барып, жағдайды тексерді. Қарау қорытындысы бойынша, дәрігер ҚР Еңбек заңнамасының бабымен жұмыстан босатылды, ал аурухана директорының орынбасары міндетін атқарушы мен екі мейірбикеге қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар тәртіптік кеңес отырысында аурухана директоры еңбекке жарамсыздық парағынан (больничный) шыққаннан кейін, оған қатысты шара қолдану мәселесі қаралатын болады.

Сәтбаевта медицина қызметкерлері жұмыс кезінде ішімдік ішіп, отырыс жасаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.