jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда шекарадағы кезекті азайту үшін жаңа талаптар енгізілмек

Шекарада тұрған көліктер
Шекарада тұрған көліктер. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстанда шекарадағы кезекті азайту үшін күту аймақтарына қатысты жаңа талаптар енгізілмек, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Көлік министрлігінде күту аймақтарының инфрақұрылым параметрлерін, жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін және техникалық жабдықталу деңгейін егжей-тегжейлі реттейтін құжат қаралып жатыр.

"Күтуге арналған сервистік аймақтарды жобалау кезінде олардың географиялық орналасуы, бекеттердің өткізу қабілеті, болжамды көлік ағындары, сондай-ақ жер бедері мен климаттық жағдайлар ескеріледі.

Жол-көлік сызбасы көлік құралдарының барынша жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етіп, қауіпсіз маневр жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл ретте қозғалыс ағындары кіру, сәйкестендіру, күту, қызмет көрсету және шығу кезеңдеріне бөлінеді", - делінген хабарламада.

Сервистік күту аймақтары үш функционалдық блоктан тұрады: тұрақ, коммерциялық және әкімшілік аймақтар.

  • Тұрақ аймағында жүк және жеңіл көліктер бөлек орналастырылады, ал электрондық кезек терминалдар мен мобильді қосымшалардағы тіркелу жүйесі арқылы жүзеге асады. Тұрақ аймағының ең төменгі сыйымдылығы кемінде 200 жүк көлігіне есептелуі тиіс.
  • Коммерциялық аймақта жүргізушілер мен тасымалдаушыларға арналған сервистік нысандар орналастырылады.
  • Әкімшілік аймақ операторларды және, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың бөлімшелерін орналастыруға арналған.

Жеке талаптар блогы техникалық жабдықталуға қатысты. Сервистік аймақтар кіру және шығуды бақылайтын автоматтандырылған жүйелермен, мемлекеттік нөмірлік белгілерді тану функциясы бар көлік құралдарын есепке алу жүйелерімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мүмкіндігімен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар қауіпсіздік жүйелері, тұрақты мобильді байланыс және интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет.

Аталған жаңашылдық сервистік күту аймақтарының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, көлік ағындарын тиімді басқаруға, сондай-ақ транзиттік тасымалдар кезінде қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп күтіліп отыр.

Қазақстанда шекарадағы кезекті азайту үшін жаңа талаптар енгізілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.