jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанға -18 градусқа дейінгі аяз қайта оралады

үсік
Үсік. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Синоптиктер 16-18 сәуір аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді:

  • батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын әкеледі;
  • кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С-қа дейін, күндіз +1…+8°С-қа дейін төмендейді.

Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С-қа дейін төмендесе, күндіз 0…+13°С шамасында болады.

Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Қазақстанға -18 градусқа дейінгі аяз қайта оралады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.