Қазақстандық екі әуекомпанияға айыппұл салынды
Жарияланған күні:
Қазақстандық Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Көлік министрлігі Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтаған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған әуекомпанияларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей әуежайына 8,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған еді.
Тергеп-тексеру барысында кәсіпорын бөлшек саудада авиаотынға жоғары баға белгілеу және ұстап тұру арқылы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны анықталған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2365851-qazaqstandyq-eki-auekompaniiaga-aiyppul-salyndy/