jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қар аралас жаңбыр мен дауыл: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылатынын ескертті

Қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстан бірқатар өңірінде 16 сәуірде ауа райы бұзылып, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

16 сәуірде түнде Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 16 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

16 сәуірде түнде Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 25 м/с-қа жетеді, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 16 сәуірде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың шығысында аздап жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында 16 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады.

16 сәуірде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, тәңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 16 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады.

16 сәуірде түнде Ақтөбе облысының шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында 16 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 16 сәуірде тұман түседі.

Петропавл қаласы – Есіл өзені (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 26 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 902 см (қауіпті деңгей – 940 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Борки кентінің жайылмасына су шығуы байқалады. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.

Ақмола облысынан келетін екінші толқынның әсерінен Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда, өзеннің төменгі ағысында орналасқан автожолдарды су басу қаупі сақталуда.

16 сәуірде түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 16 сәуірде түнде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

16 сәуірде түнде Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында жауын-шашын түсіп, найзағай жарқылдайды, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр жауып, жалбысқы қар) түседі. Облыстың орталығында шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында 16 сәуірде таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Қонаев қаласында 16 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 сәуірде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр жауып, жалбысқы қар) түсіп, найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында 16 сәуірде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында 16 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

16 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 16 сәуірде таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 16 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл тұрып, шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, күндіз күші облыстың орталығында 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында 16 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл, шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 16 сәуірде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

16 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қар аралас жаңбыр мен дауыл: синоптиктер Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.