jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Белгілі театр режиссері, бұрынғы мәдениет министрінің орынбасары Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Есмұхан Обаев
Есмұхан Обаев. Фото: t.me/madenietaqparat

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram желісіндегі арнасында Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сайтындағы мәліметке сүйенсек, Есмұхан Обаев Қазақ КСР-інің халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор.

Әр жылдары Обаев Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері, Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және бас қоюшы-режиссері қызметтерін атқарды.

1994 жылдан 1997 жылға дейін Мәдениет министрінің орынбасары, Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет департаментінің басшысы болды.

1997 жылдан 2001 жылға дейін — Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

2001 жылдан 2013 жылға дейін Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі болды.

2013 жылдан бастап Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс берді.

Режиссер ретінде Обаев 50-ден астам спектакль қойды, оның ішінде Әуезовтің "Абай", "Айман — Шолпан", Гогольдің "Ревизор", Сапарбайдың "Сыған серенадасы", Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді", Исабековтің "Балуан Шолақ", Толстойдың "Анна Каренина" деген туындылары бар.

Белгілі театр режиссері, бұрынғы мәдениет министрінің орынбасары Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.