jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырауға қалыпты мөлшерден тыс жауын жауып, қаланы су басты

Атырау
Атырау. Видеодан кадр: КТК телернасы

Атырау көшелері жауын-шашын салдарынан суға кетіп жатыр. Тас жолдың өзі көлікпен емес, қайықпен жүретін жағдайға жеткен. Ескі көпқабатты үйлердің төбесінен су кетіп, тұрғындар әбігерге түсті, деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, атыраулықтар қалада суағар жүйесінің жоқтығынан зардап шегіп отыр.

"Ешқандай жүйелі жұмыс жоқ. Мынау не?! Бір ай болсын-болмасын. Үш машинамен не бітірейін деп жатыр? Орталықта мынадай, қаланың сыртында жағдай қандай?" - дейді қала тұрғыны Әлібек Шудабаев.

Телеарна тілшісі қала орталығындағы көшеде көліктердің жүруі қиындағанын алға тартады. Атыраулықтар телеарнаға мұның барлығы жолға бірде-бір суағардың салынбағанынан, қала құрылысына жауаптылардың салғырттығынан екенін айтқан.

Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақшаның айналасы шалшық су. Тіпті жаңбырдан кейін кейбір ықшамауданда электр желісінің сымы жерге түсіп, от шашып өртенген. Біраз ықшамауданда жарық сөніп, ел әуреге түсті.

Бірыңғай байланыс желісі суға кеткен тұрғындардан 400-ден астам арыз-шағым түскен. Әкімдік жаңбыр суын тазалауға қырықтан астам көліктің күндіз-түні жүргенін айтады. Айтуынша, кеше бір жарым айдың жауын мөлшері түскен.

Дереккөз: КТК

Атырауға қалыпты мөлшерден тыс жауын жауып, қаланы су басты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.