jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда жексенбіде өтетін марафонға байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады

Марафон қатысушылары
Марафон қатысушылары. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

19 сәуірде тоғызыншы рет Almaty Half Marathon өтеді. Осыған байланысты жарыс күні көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ..

Әкімдіктің мәліметінше, 19 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өтетін учаскелерде жолдардың бір бөлігі жабылады.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін шектеледі. Оңтүстік жағы ашық болады.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен шектеледі.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін шектеледі. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін шектеледі. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін шектеледі. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.

Жолдардың жабылу схемасы
Жолдардың жабылу схемасы. Фото: Алматы әкімдігі

Тұңғыш президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:

  • Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Науаи көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Садықов көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Дулати көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Саин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Розыбакиев көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Жарыс ұйымдастырушылары жолдардағы жүктемені ескере отырып, қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш президент саябағы) яғни әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуді ұсынады.

Сөре аймағында (Тұңғыш президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмаған.

Жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады.

Алматыда жексенбіде өтетін марафонға байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.