jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Оян" оятпай қоймайды": "Хабар" арнасындағы таңғы хабар жаңа форматта көрерменге жол тартты

"Оян" таңғы хабары
"Оян" таңғы хабары. Фото: "Хабар" агенттігі

"Хабар" арнасындағы "Оян!" таңғы хабары енді жаңаша сипатта көрерменге жол тартады. Аптаның жұмыс күндері шығатын хабар мазмұнын жаңартып, бұрынғыдан да шынайы бола түсті, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Бағдарламаның айрықша қырларының бірі — қаланың көрікті жерлерінде жұмысын бастаған көшпелі студия. Енді "Оян!" тек студиямен шектелмей, қала тіршілігінің қақ ортасынан тікелей эфир жүргізеді. Таңертеңгі қарбалас, жұмысқа асыққан адамдар, қаладағы шынайы өмір – барлығы сол сәтінде көрерменге ұсынылады.

Жүрекке жылы тиетін тосын кездесулер арқылы, "Оян!" тек ақпарат жеткізуші емес, көрерменмен сырлас хабарға айналады. Елімізден шалғай жүрген қазақстандықтар өзін таныстырып, тікелей эфир барысында жақындарына, достарына, таныстарына "Оян да, сәлем айт!" айдары арқылы ыстық ықыласын білдіре алады.

Бағдарлама мазмұнына ой салатын жаңа бағыт та қосылды. Енді кітап оқуды жанына серік еткен көрерменге ерекше мүмкіндік бар. Әр аптада бір шығарма ұсынылып, апта соңында сол бойынша сауал жолданады. Сауалды "Жалғыз жолаушы" youtube-каналының авторы Санат Ілияс қояды. Дұрыс жауап берген жан iPhone 17 Pro Max иесі атанады.

Жаңалық мұнымен шектелмейді эфирге жаңа жүргізуші шығып, көрерменнің көңілінен шығады деп үміттенеміз. Әзірге оның кім екені құпия күйінде қалсын. Жұмбақтың жауабын білгің келсе, жұмыс күндері 07:00-09:00 аралығында эфирге қосыл! Оян да, "Хабарды" қос!

"Оян" оятпай қоймайды": "Хабар" арнасындағы таңғы хабар жаңа форматта көрерменге жол тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.