jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қар көшкіні, тас құлау қаупі: Алматы ТЖД тұрғындарға қатаң ескерту жасады

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ертең, 17 сәуірде Алматыда ауа райы бұзылып, қатты жел тұруы мүмкін. Оған қоса жауын жауып, тас құлау қаупі артады және таулы аудандарда қар көшкіні болуы ықтимал. Бұл туралы қалалық ТЖД ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, Алматы ертең жауын-шашынды болады. Сондай-ақ найзағай ойнап, қатты жел соғады. Осыған байланысты Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында топырақ көшкіні және қар көшкіні, сонымен бірге тас құлау қаупі бар.

"Топырақтың қатты ылғалдануы және шамадан тыс сулануы, желдің күрт күшеюі мен ауа температурасының ауытқуы тау беткейлеріндегі тау жыныстарының құлауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • алдағы күндері таулы аймақтарға барудан бас тарту;
  • жартасты учаскелер мен тік беткейлердің маңында тоқтамау, көлік қоймау және шатыр тікпеу;
  • таулы жолдар мен соқпақтарда, сел қаупі бар өзен арналары мен ошақтар бойында қозғалғанда аса сақ болу;
  • тас құлау белгілері (тастардың сырғу дыбысы) байқалған жағдайда дереу қауіпті аймақтан кету;
  • Ауа райы нашарлаған жағдайда дереу қауіпсіз аймақтарға түсіңіз", - делінген хабарламада.

Қалалық ТЖД өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы метеожағдай орнағанға дейін, сондай-ақ жауын-шашын саябырсығаннан соң тағы 2-3 күн таулы аймақтарға барудан бас тарту қажеттігін қатаң түрде ескертті.

Қар көшкіні, тас құлау қаупі: Алматы ТЖД тұрғындарға қатаң ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.