Алдағы күндері Қазақстанда күн жылына бастайды
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы күндері яғни 18-20 сәуір аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, скандинавиялық антициклон сілемінің әсерінен алдағы күндері еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райы сақталады.
Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы +15...+23 градусқа дейін, шығыста +10...+18 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +17...+28 градусқа дейін көтеріледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2366880-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-zhylyna-bastaidy/