Қазақстанда шағын модульдік реакторлары бар АЭС салу мүмкіндігі зерттелмек
Жарияланған күні:
Қазақстанда атом саласын дамыту стратегиясы аясында шағын модульдік реакторлар (ШМР) негізіндегі атом электр станцияларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.
Жоспарға сәйкес, ШМР технологияларын ұлттық жағдайларда қолдануға техникалық-экономикалық талдау жүргізіледі. Бұл ретте өңірлік ерекшеліктер, сенімділік талаптары және жобалардың экономикалық тиімділігі ескерілмек.
"Стратегияны іске асыру аясында шағын модульдік реакторлардың ұлттық жағдайларда қолданылу мүмкіндігіне техникалық-экономикалық талдау жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте өңірлік ерекшеліктер, сенімділік талаптары және жобаның экономикалық тиімділігі ескерілетін болады", - делінген құжатта.
Сонымен қатар Қазақстан ШМР әзірлеу және жобалау бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуды көздеп отыр.
"Шағын модульдік реакторларды әзірлеу және жобалау бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу, сондай-ақ оларды орналастырудың басым аудандарын айқындау жоспарлануда. Атап айтқанда, энергия тапшылығы бар өңірлер, электр желілік инфрақұрылымы әлсіз дамыған аймақтар және ескірген жылу электр станцияларын алмастыру мүмкіндігі қарастырылады, – деп атап өтілген.
Мамандардың пікірінше, бұл бағыт энергетикалық жүйені әртараптандыруға және өңірлердегі энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2367147-qazaqstanda-shagyn-moduldik-reaktorlary-bar-aes-salu-mumkindigi-zertteledi/