Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде жаңбыр жауады
Жарияланған күні:
Астана, Алматы мен Шымкентте 18 сәуірде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,3 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2367180-bugin-qazaqstan-megapolisterining-birinde-zhangbyr-zhauady/