jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Ағаштар егіліп, айнала қоқыстан тазартылды": Қонаев қаласында жалпы облыстық сенбілік өтті

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясында Қонаев қаласындағы "Көшпенділер" қалашығы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтті. Аталған шара аясында мәні зор мәдени нысанның маңы қоқыстан тазартылып, айналасына ағаштар егілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігі.

Тазалық жұмыстары мен тал егуге мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар мен діни бірлестіктердің мүшелері, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ эко белсенділер қатысты.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Ауқымды сенбілікте облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев тазалық акциясының тағылымды шара екенін еске салды.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

"Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы "Көшпенділер" қалашығы алда көрнекті туристік нысанға айналмақ. Сондықтан бұла аумақта келушілерге жайлы орта жарату үшін мұнда экопарк салынбақ. Бұл қадам өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық", – деді Ғани Айдарұлы.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

300-ге жуық адам қатысқан шарада "Көшпенділер" қалашығы маңына 500 түп ағаш егіліп, Іле өзенінің бойы тазаланды. Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау – адам баласына жүктелген міндет екенін айтысты.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

"Жер бетіндегі тау, тастар, теңіздер, яғни, барша табиғат атаулы мен барлық нәрсе – Ұлы Алланың жаратқандары. Әсіресе осы Табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызудың мәні өте зор. Себебі тал егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі", – дейді Қонаев қаласындағы Абай мешітінің наиб имамы Хожанепес Сейітұлы.

Сенбілік
Сенбілік. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, аймақ аумағындағы сенбілікке 32000-ға жуық адам қатысып, 225 техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 264 тонна қоқыс шығарылып, 17800 түп ағаш отырғызылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аймағымызда қарқынды түрде жалғасуда.

"Ағаштар егіліп, айнала қоқыстан тазартылды": Қонаев қаласында жалпы облыстық сенбілік өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.