jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

ҚМДБ умра мен қажылыққа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасады

Мекке
Мекке. Фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық маусымының басталуына байланысты Мекке әл-Мукаррама өңірінде бірқатар маңызды шектеу мен талап күшіне енетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеу мен талапты жариялады.

Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі тәртіпке сай өткізу мақсатында енгізіліп отыр. Негізгі талаптар:

  • 2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін Nusuk платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.
  • 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визамен кіруге және онда болуға тыйым салынады.

Бұл талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.

ҚМДБ умра мен қажылыққа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.