Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар тізімі жария болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
2026 жылғы наурыз айында ауаның ластануын бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытындыланды. Зерттеулер 68 елдімекенде жүргізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК өкілі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, 2026 жылғы наурызда 68 елдімекеннің ішінде 39 елдімекенде ауаның ластану деңгейі төмен, 16 елдімекенде көтеріңкі, 9 елдімекенде жоғары және 4 елдімекенде өте жоғары деңгейде болған.
Ластанудың өте жоғары деңгейі мына жерлерде тіркелді:
- Қарағанды;
- Жезқазған;
- Сәтбаев қаласы;
- Абай қаласы.
Ластанудың жоғары деңгейі мына жерлерде тіркелді:
- Атырау;
- Өскемен;
- Риддер;
- Теміртау;
- Павлодар;
- Түркістан;
- Талғар;
- Шұбарши;
- Қызылсай.
Ластану деңгейі мына жерлерде көтеріңкі болды:
- Астана;
- Алматы;
- Шымкент;
- Ақтөбе;
- Ақтау;
- Семей;
- Талдықорған;
- Петропавл;
- Тараз;
- Жаркент;
- Аягөз;
- Арал;
- Шу;
- Алтай;
- Кеңқияқ;
- Ганюшкино.
Қалған 39 елдімекенде ластанудың төмен деңгейі тіркелді: Көкшетау, Орал, Екібастұз, Атбасар, Жаңаөзен, Хромтау, Қандыағаш, Құлсары, Қостанай, Ақсу, Ақсай, Жаңатас, Қаратау, Кентау, Қызылорда, Лисаковск, Жітіқара, Рудный, Арқалық, Балқаш, Сарань, Степногорск, Шемонаиха, Щучинск, Әйтеке би, Ақсу, Әуезов, Бестөбе, Бурабай, Глубокое ауылы, Индерборское ауылы, Бейнеу, Састөбе, Төретам, Ақай, Бурлин, Жанбай, Мақат, Шиелі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2367331-qazaqstandagy-auasy-eng-las-qalalar-tizimi-zhariia-boldy/