jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жаңбыр, тұман мен найзағай: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Найзағай
Найзағай. Көрнекі сурет: pixabay.com

19 сәуірде Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылады. Синоптиктер жаңбыр жауып, тұман түсіп, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

19 сәуірде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында 3 градус үсік жүреді.

Алматы қаласында 19 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Қонаев қаласында 19 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде тұман түседі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша 19 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 19 сәуірде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 19 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 19 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр жауып, қар) түсіп, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 19 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

19 сәуірде Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

19 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

19 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда жел екпіні 30 м/с-қа және одан да жоғары деңгейге дейін жетеді.

19 сәуірде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 19 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

19 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 19 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

19 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 19 сәуірде күндіз найзағай жарқылдайды.

Жаңбыр, тұман мен найзағай: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.