jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Cыр өңірінде "Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым" атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысында мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес "Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым" атты жалпыхалықтық акциясы өтті.

Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен көпшілік зират ететін барлық аумақтарға көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды тазалау және жөндеу секілді жұмыстар да жүргізілді.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сауабы мол игі шараға барша облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ассамблея, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсене қатысты.

Президентіміз "Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады", - деп, жалпыұлттық бағдарлама айналған бастаманың мәнін ашып берді.

Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімідігі

Халқымыздың дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны ғана емес, дүниеден өткендерге құрмет көрсететін, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті жер. Сондықтан кесенелердің, қорымдардың тазалығына, қараусыз қалмауына ерекше мән беріледі.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімідігі

Осындай тағылымды бастамалар арқылы қоғамда тазалыққа деген жауапкершілік артып, ұлттық құндылықтарымызға құрмет нығая түседі.

Айта кету керек, облыста 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген. Қасиетті кесенелерге жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен реставрациялық, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, келушілерге ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында инфрақұрылымдары жақсартылды.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімідігі

Акция аясында аймақтағы 200-ге жуық қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына 20 мыңнан аса тұрғындар белсенді қатысты.

Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Cыр өңірінде "Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым" атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.