jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда ескі автокөліктерді сатып алу тетігін іске қосу мәселесі пысықталып жатыр

Көлік және монеталар
Көлік және монеталар. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Алматыда ескі автокөліктерді сатып алып, кейін оларды кәдеге жарату үшін арнайы компания құрылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда қаладағы ауа ластануының негізгі көзі болып отырған автокөліктерден шығатын зиянды шығарындыны азайтуға бағытталған жүйелі шаралар қарастырылып жатыр.

Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қала әкімі Дархан Сатыбалды экологиялық класы төмен ескі автокөліктерді сатып алып, кейін оларды кәдеге жарату үшін арнайы компания құру мәселесін пысықтауды тапсырған.

"Бұл жұмыс Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен және "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба аясында автопаркті жаңарту тетіктерін іске асыратын еншілес ұйым құру көзделуде.

Сонымен қатар жоба шеңберінде экологиялық таза көліктерді сатып алуға жеңілдетілген несиелеу, лизингтік бағдарламалар және Trade-In тетіктерін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаға Astana Motors, Orbis және басқа да жергілікті автокөлік өндірушілерін тарту жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Аталған шараларды іске асыру автопаркті жаңартуды ынталандырып, тозығы жеткен көліктер санын азайтуға және соның нәтижесінде қаладағы атмосфераға таралатын зиянды шығарынды деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермек.

Алматыда ескі автокөліктерді сатып алу тетігін іске қосу мәселесі пысықталып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.