jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бір адамға 15 шаршы метрден: еліміздің барлық өңірінде пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Көпқабатты тұрғын үй
Көпқабатты тұрғын үй. Көрнекі фото: pexels.com

Үкіметте құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомство аралық комиссия отырысы өтті. Онда пәтерлерге жалған тіркеуге тұру мәселелері көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, комиссия отырысында пәтерлерде нақты тұрмаса да адамдарды жаппай тіркеу мәселелері көтерілді.

Астана қаласында тіркеу нормасы бойынша шектеу енгізілген – отбасы мүшелерін қоспағанда, бір адамға кемінде 15 шаршы метрден келуге тиіс.

Ішкі істер министрлігіне мұндай тәсілдерді өңірлерде де енгізу ұсынылды. Уәкілетті органдарға үшінші тұлғаларды жалған тіркеуден бас тарту құқығы берілуі мүмкін. Жыл сайын 8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік иесі азаматтарды жалған тіркегені үшін ұсталады.

Мекенжайларды тіркеу кодтарының дұрыс берілмеу мәселесі атап өтілді, яғни іс жүзінде тұтас тұрғын кварталдарына бір ғана код берілуі салдарынан халықты есепке алу деректері бұрмаланып, бұзушылықтарды анықтау қиынға соғуда.

Сондай-ақ барақ үлгісіндегі жалға берілетін тұрғын үйлердің бақылаусыз жұмыс істеуі мәселесі көтерілді. Мұндай нысандар ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде жатақхана ретінде пайдаланылып, бұл құқықтық тәртіп тұрғысынан да, инфрақұрылымға да жүктеме түсіруде.

Ішкі істер министрлігіне Әділет және Жасанды интеллект министрліктерімен бірлесіп, "көлеңкелі" қызмет көрсететін тұрғын үй иелерінің құқықтарын шектеу үшін цифрлық тосқауылдар белгілеу бойынша ұсыныстар қарастыру тапсырылды. Өңірлер әкімдері жалға беру үшін тұрғын үйдің барак үлгісіндегі объектілерді ретке келтіру және жылжымайтын мүлік объектілерінің тіркеу кодтарына ревизия жүргізу тапсырылды.

Бір адамға 15 шаршы метрден: еліміздің барлық өңірінде пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.