Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қашан және қайда өтеді
Жарияланған күні:
Белгілі жазушы, ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Алматыда жерленеді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметінің өкілдері Instagram-дағы парақшасында Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 21 сәуірде сағат 9:00-де Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтетінін мәлім етті.
Жерлеу рәсімі сағат 11:30-да. Ақын Кеңсай-2 зиратында жер қойнына тапсырылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2367879-muhtar-shahanovty-aqtyq-saparga-shygaryp-salu-rasimi-qashan-zhane-qaida-otedi/