jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жел, найзағай, жаңбыр: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК ертең, 21 сәуірде Қазақстан өңірлерінде ауа райын қандай болатынын хабарлады. Синоптиктер бірқатар облыста ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында да түнде тұман, күндіз күшті жел күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр және найзағай болады. Түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Тауда тұман түседі. Кей жерлерде өрт қаупі өте жоғары. Шымкент қаласында да жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі. Түркістан қаласында да жел екпінді болады.

Қызылорда облысында түнде солтүстік пен орталықта жаңбыр және найзағай болуы мүмкін.

Қостанай облысында күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қостанай қаласында да күндіз жауын-шашын болады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тауда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Батыста өрт қаупі жоғары. Тараз қаласында жел екпіні 15-23 м/с болады.

Жетісу облысында күндіз Алакөл көлдері маңында жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік пен шығыста жаңбыр және найзағай болады. Батыс желі соғады, солтүстікте екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында шығыста, орталықта және таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қонаев қаласында және Алматының таулы аймақтарында да осындай жел күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығыста түнде жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жел, найзағай, жаңбыр: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.