jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымкенттегі рейд: қалада өрт сөндіргіш пен дәрі-дәрмек қорабы күрт қымбаттаған

өрт сөндіру құралы, дәрі-дәрмек қорабы
Өрт сөндіру құралы, дәрі-дәрмек қорабы. Көрнекі фото: Wmaster890/Getty Images

Шымкентте бір күнде өрт сөндіру құралы мен дәрі-дәрмек қорабы кенет қымбаттады. Бұған өзге өңір полицейлерінің рейдке келгені себеп болды, деп хабарлайды КТК.

"Менде өрт сөндіргіш құрал болмаған. Осы рейд басталған кезде базарға бардым, өрт сөндіргіш пен "аптечканы" 20 қатардан іздедім, қымбат. Дәрі-дәрмек қорабының бағасы дегенде бір жарым мың теңге еді, қазір 4 мың теңге, ал өрт сөндіргіш 4 мың теңге болса, қазір 10 мың теңге", - дейді көлік жүргізуші Дархан Әбдиев телеарна тілшісіне.

Телеарна мәліметінше, "көлікті түгел тінтеді" деп естіген жергілікті жүргізушілер жаппай базар аралап, өрт сөндіргіш пен дәрі-дәрмек қорабын сатып алған. Соның салдарынан аталған құралдар тапшы болды. Алайда бір аптаға келген полицейлер дәрі-дәрмек қорабын емес, ішімдік ішкендер мен құжатсыз жүргендерді іздеуде.

Бір түннің ішінде тәртіп сақшылары үш мас жүргізушіні анықтап, жүргізуші куәлігі жоқ 20-ға тарта адамды ұстаған. Жалпы 72 көлік айыптұрағына жеткізілген.

Дереккөз: КТК арнасы

Шымкенттегі рейд: қалада өрт сөндіргіш пен дәрі-дәрмек қорабы күрт қымбаттаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.