jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар енді еліміздің екі қаласынан Арменияға тікелей ұшып бара алады

SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы
SCAT Airlines әуекомпаниясының ұшағы. Фото: Facebook.com/scat.airlines

Қазақстан Армениямен әуе қатынасын қайта жандандырды. Енді қазақстандықтар Ереванға Астана мен Ақтаудан тікелей ұшып бара алады, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 18 сәуірден бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастаған.

Сондай-ақ 20 сәуірден бастап армениялық SHIRAK AVIA әуекомпаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) тұрақты рейстерді іске қосқан. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Қазақстандықтар енді еліміздің екі қаласынан Арменияға тікелей ұшып бара алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.