jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталған": комитет қазақстандықтарға үндеу жасады

Балалар тағамы. Фото
Балалар тағамы: Aaron Chown/PA Images via Getty Images

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аталған бұзушылық туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан Азық-түлік пен жемшөптің сапасы бойынша жедел хабарлау жүйесі (RASFF), сондай-ақ ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы келіп түскен жоқ.

Аталған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің Бірыңғай тізілімінде тіркелмеген, осыған байланысты оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді", - делінген хабарламада.

Комитет өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

"Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аталған өнім елдің сауда орындарында анықталған жоқ.

Өнім сатылымда анықталған жағдайда азаматтардан жедел шаралар қабылдау үшін комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

"Балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталған": комитет қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.