Қазақстан азаматы Дубайда өмір бойына сотталды
Жарияланған күні:
БАӘ-де Қазақстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
СІМ берген деректерге сай, Дубайдың алғашқы инстанциядағы соты 18 наурызда Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Оған ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылған. Одан бөлек айыппұл салынған.
СІМ дерегінше, сотталушы сот үкіміне келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Сол себепті үкім әлі заңды күшін енбеген.
"Қазақстан елшілігі БАӘ құзырлы органдарына ресми сұрау салды. Қазіргі таңда жауап күтіп отыр. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы азаматқа барлық қажетті консулдық-заңды көмек көрсетіп жатыр", - делінген министрліктің баспасөз қызметі берген түсініктемеде.
Аталған жайт сыртқы саясат ведомствосының айрықша назарында екені де атап өтілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2368419-qazaqstan-azamaty-dubaida-omir-boiyna-sottaldy/