Үсік, жаңбыр, найзағай: 22 сәуірде Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Ертең, 22 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер еліміздің кей өңірінде үсік жүріп, жаңбыр жауатынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, күннің екінші жартысында облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл, күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.
Астанада түннің бірінші жартысында, күннің соңында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2368431-usik-zhangbyr-naizagai-22-sauirde-qazaqstanda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/