jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Бір қабірге таласқан": Қарағандыда анасының қабірін даулап жүрген әйел "эксгумацияға" рұқсат алды

Зират
Зират. Көрнекі фото: ult.kz

Қарағандыда аппеляциялық сот "жұмбақ қабірге" эксгумация жасатуға рұқсат берді. Бұл туралы анасының қабірін даулап жүрген әйелдің қорғаушысы мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Адвокат Бауыржан Изделеуовтің айтуынша, эксгумация барысындағы ДНҚ сараптамасы сынды басқа барлық шығынды әйелдің өзі көтермек. Телеарна дерегінше, бұған дейін Қарағандыдағы бір-біріне еш қатысы жоқ екі отбасының бір қабірге таласып жүргені туралы репортаж жасалған. Айгүл Жамиленованың анасын туыстары 2024 жылы 19 қарашада Құрылыс ауылындағы зиратқа жерлеп, кейін қабір орнын кеңейтіп белгі қойған. Жарты жылдан соң марқұмның басында бейтаныс құлпытас пен қоршау пайда болыпты.

"Сөйтсе, ол басқа отбасының тәтесіне арналған болып шыққан. Айгүл Жамиленова олармен қанша дауласса да түсіндіре алмаған соң ақыры алдымен сотқа, кейін аппеляцияға жүгінген еді. Әйелдің қорғаушысының айтуынша, екінші тарап эксгумацияға қарсы болғанына қарамастан бұл жолы сот рұқсат берген. Сондай-ақ сот барысында туыстары туысқанының жерлеуіне қатыспағаны тек бейіт қазатын адамдарды жалдағаны белгілі болды", - деп атап өткен телеарна тілшісі.

Ал бірінші тараптың қорғаушысы Бауыржан Ізделеуов болса, бұл даудың соңғы нүктесі эксгумация болатынын жеткізді.

"Маған сенімхат беруші Айгүл Жәмиленованың анасының жерлеуіне марқұмның туған ұлы, туыстары жастар қариялар секілді көп адамдар қатысқан. Олардың барлығы бұл бейітті танып отыр. Ал екінші тарапта куәгер жоқ, бейіт қазушы адам қабірлерді есепке алмаған, жерлеу оның есінде де жоқ. Олар эксгумацияға қарсы болды. Бірақ сот біздің сауалымызды қанағаттандырып ДНК сараптамасына рұқсатын берді. Эксгумация бұл дауға соңғы нүктесін қояды деп сенеміз", - дейді ол.

"Бір қабірге таласқан": Қарағандыда анасының қабірін даулап жүрген әйел "эксгумацияға" рұқсат алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.