Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Астана әкімдігі 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу туралы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа сай келмейді", - делінген хабарламада.
Әкімдік нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтін жалған екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ осыған дейін көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде ғана қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін екендігі хабарланғанын еске салды.
"Осылайша, күні, уақыты және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып саналмайды және шындыққа сәйкес келмейді.
Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2368482-astana-akimdigi-koshelerding-zhabyluy-turaly-aqparatqa-qatysty-malimdeme-zhasady/