jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматылық оқушы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

Дана Қадырбек
Дана Қадырбек. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы №79 гимназияның 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Дана Қадырбек БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына кірген.

Дана ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – құрғақ климат жағдайында да ауыз су алуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған.

Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапқан: өнертабысты пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылған, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталған.

Алматылық оқушы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.