jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Туған жердің төсінде": Мұхтар Шахановтың денесі жер қойнына тапсырылды

Мұхтар Шахановты Түркістан жұрты ақтық сапарға шығарып салды
Мұхтар Шахановты Түркістан жұрты ақтық сапарға шығарып салды. Фото: Almaty.tv

Бүгін, 22 сәуірде қазақтың абыз ақыны Мұхтар Шаханов Түркістан облысында жерленді. Ақынды ақтық сапарға шығарып салуға дүйім Түркістан жұрты жиналған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақ әдебиетінің абызымен қоштасуға елдің әр аймағынан зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ оның шығармашылығын қадір тұтқан қалың оқырман жиналды,

Ақынды жер қойнына табыстап, құран бағышталды. Әр өңірден келген делегация өкілдері Мұхтар Шахановтың азаматтық ұстанымы мен шығармашылығын, сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

Мұхтар Шаханов тек әдебиетте емес, қоғам өмірінде де батыл үн қатқан ақын екеніне ерекше назар аударылды. Ақынның шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алмақ.

"Қазақта ақын – батыр, батыр – ақын болу керегін дәлелдеген Ер Махамбеттен кейін  тұлға – Мұхаң. Осы Отырар өлкесінен талай ұлылар кетіп оралмады. Бірақ ұлы ақынымыз ұлы даласына оралды. Туған жердің төсінде, жаны жәннаттан жай тауып, пейіште рухы шалқи берсін!", – деп пікір білдірді телеарна тілшілеріне парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса.

"Туған жердің төсінде": Мұхтар Шахановтың денесі жер қойнына тапсырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.