Дауыл, бұршақ, жаңбыр: 22 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде күн бұзылады
Жарияланған күні:
Ертең, 22 сәуірде еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде найзағай күтіледі.
Жетісу облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Алматыда күндіз жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. Қонаев қ.: 23 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 23 сәуірде жаңбыр, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
23 сәуірде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жаңбыр, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
23 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
23 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Павлодарда жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысынның шығысында 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде күннің аяғында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың орталығында шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Астанада найзағай күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2368854-dauyl-burshaq-zhangbyr-22-sauirde-qazaqstannyng-birneshe-ongirinde-kun-buzylady/