Air Astana өкілдері Таяу Шығыс бағытындағы рейстер жөнінде мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа рейстер мамырдың соңына дейін ұшпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air Astana баспасөз қызметі өкілдері Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім ұзартылғанын хабарлады.
"Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерді уақытша тоқтату туралы шешімді 31 мамырға дейін ұзартты", - делінген хабарламада.
Компания өкілдері орындалмайтын рейс жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтаруды немесе сол қызмет көрсету класындағы 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады.
Сондай-ақ Air Astana-ның 31 шілдеге дейінгі рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған, бірақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырма төленуі керек.
Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.
Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етуге уәде етіп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2369034-air-astana-okilderi-taiau-shygys-bagytyndagy-reister-zhoninde-tagy-da-malimdeme-zhasady/