ІІМ өкілдері ДНҚ арқылы тоғыз жыл бұрын жоғалған адамның сүйегін анықтады
Жарияланған күні:
2017 жылы 27 жастағы Семей тұрғыны үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Біршама мерзім өткен соң Қызылорда облысынан сүйегі табылды. Адамның жеке басы ДНҚ арқылы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ІІМ-нің молекулалық-генетикалық зертханасының әлеуетінің арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ондаған тұлға анықталды. Адам өлтіру және зорлау фактілері, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар ашылды. Аталған істер бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, кейбір істер бойынша алғашқы сот үкімдері де шықты.
Сондай-ақ ведомство хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтауға ерекше назар аударады. Мысалы 2017 жылы 27 жастағы ер адам Семей қаласынан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Анасы полицияға жүгінгенімен, ол кезде оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған.
Біршама уақыт өткеннен кейін Қызылорда облысында белгісіз адамның сүйегі табылды.
Жүргізілген ДНҚ сараптамалары мен заманауи криминалистикалық әдістердің нәтижесінде полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол хабар-ошарсыз кеткен семейлік азамат екені расталды.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткендердің тағдырын анықтау жұмыстары жалғасады.
"Заманауи тергеу тәсілдері мен криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан, тұлғаларды анықтауға және қылмыскерлерді табуға мүмкіндік береді. Ешбір қылмыскер жазасыз қалмауға тиіс – бұл Заң мен Тәртіптің басты қағидаты", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2369052-iim-okilderi-dnq-arqyly-togyz-zhyl-buryn-zhogalgan-adamnyng-suiegin-anyqtady/