jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда әскерге шақырудан жалтарып жүргендерге қатысты жаңа шаралар әзірленіп жатыр

әскери қызметші
Әскери қызметші. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскери қызметке шақыру жүйесінде енгізіліп жатқан өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, қазір Қазақстанда Біріңғай шақырту тізілімін енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Бұл азаматтарды хабардар ету жүйесінің тиімділігін арттыруға, шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етуге және әскери міндетті орындау тәртібін күшейтуге бағытталған.

"Біріңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың конституциялық міндетін орындауын жүйелі түрде қолдайтын заманауи цифрлық тетікті қалыптастырамыз", - деді қорғаныс министрі Дәурен Қосанов.

Сонымен қатар бастама аясында әскерге шақырудан жүйелі түрде жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Аталған шаралар уақытша сипатта болып, тек қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асатын болады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда әскерге шақырудан жалтарып жүргендерге қатысты жаңа шаралар әзірленіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.