Сәуірдің соңғы күндері Қазақстанда үсік, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі
Жарияланған күні:
Синоптиктер 25-27 сәуір аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазан аудандарындағы циклон ойысы Қазақстан аумағы арқылы жылжып, алдағы күндері тұрақсыз күн райын қалыптастырады.
Республиканың көптеген өңірінде найзағай, жаңбыр, солтүстікте қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Жекелеген аймақтарда бұршақ жауып, екпінді жел тұруы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
26 сәуірде батыс және солтүстік-батыс өңірлерде, 27 сәуірде солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Күндіз уақытта:
- солтүстікте +10…+15°C-қа дейін;
- орталықта +10…+18°C-қа дейін;
- шығыста +7…+20°C-қа дейін;
- оңтүстікте +15…+25°C-қа дейін ауа температурасы төмендейді.
Батыс өңірлерде температура біртіндеп +7…+15°C-тен +15…+20°C-қа дейін көтеріледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2369583-sauirding-songgy-kunderi-qazaqstanda-usik-burshaq-zhane-aua-temperaturasynyng-tomendeui-kutiledi/