ДДСҰ басшысы Қазақстанды "екінші үйім" деп атап, қазақ тілінде ән айтты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанда отбасылық іс-шараға қатысып, қонақтармен бірге қазақ тілінде ән айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тедрос Аданом Гебрейесус Instagram-дағы парақшасында қазақстандық құдаларымен бірге өткізген отбасылық кештен видео жариялады. Видеодан ДДСҰ Бас директорының қасында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тұрғанын байқауға болады. Олар бірге Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін шырқады.
Видео сипаттамасында Тедрос Аданом Гебрейесус керемет кеш үшін құда-құдағиы Дәулет пен Ардаққа алғыс айтқан.
"Қазақстанда құдаларыммен керемет уақыт өткіздім. Бір шаңырақ астында күлкі, махаббат және ән де болды.
Маған үш керемет немере сыйлағандарыңыз үшін рақмет. Олар мен үшін ең қымбат жандар. Мен екінші үйімде болғаныма қатты қуаныштымын. Отбасы - жүрек ән салатын жер, ал бүгін ол бақытқа толы болды", - деп жазды ДДСҰ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ басшысының ұлдарының бірі қазақ ақыны Жүрсін Ерманның жиені Айданамен отбасын құрған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2369673-ddsu-basshysy-qazaqstandy-ekinshi-uiim-dep-atap-qazaq-tilinde-an-aitty-video/