jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда 66 жастағы әйелді аялдамада аяусыз соққыға жыққан күдіктіге қатысты деректер айтылды

Алматыдағы аялдама
Алматыдағы аялдама. Кадр видеодан: threads.com/@ilmira.g.a

Алматыда зейнеткерді соққыға жықты деген күдікпен ұсталған ер адамға қатысты деректер айтылды. Полиция департаментінің өкілі оның бұған дейін сотты болғанын хабарлады, деп жазады КТК телеарнасы.

Алматыда бейтаныс зейнеткер әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты жаңа деректер айтылды. КТК телеарнасының хабарлауынша, 26 жастағы күдікті бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты. Қазіргі таңда оның психикалық ауытқуы бар-жоғы тексерілуде.

"Бұзақылық дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті бірден қамауға алынды. Алматылық тұрғын боп шықты, бұрын-соңды сотталған. Алдын ала болжам бойынша, ешбір себепсіз, бейтаныс әйелге шабуыл жасап, оны соққыға жыққан", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, кеше, 23 сәуірде Алматы аялдамасында ер адам қарт әйелді соққыға жыққан видеосын зардап шеккен әйелдің қызы Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

"Бүгін Бостандық ауданында, "Алматы" шипажайының маңында менің анама — 66 жастағы қарт әйелге белгісіз жас жігіт шабуыл жасады. Анам аялдамада автобус күтіп тұрған болатын.

Ол анамның артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, еш себепсіз қатыгездікпен, аяусыз соққыға жыға бастаған. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны қараудың өзі ауыр. Бірақ мұны көру керек. Мен бұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл жағдай туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймын", - деп жазған әйел.

Алматыда 66 жастағы әйелді аялдамада аяусыз соққыға жыққан күдіктіге қатысты деректер айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.