jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Бірнеше жерден пышақталған": Қарағандыда көлік ішінен 34 жастағы әйелдің денесі табылды

Қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда тұрақта тұрған автокөліктің ішінен бірнеше жерінен пышақталған әйелдің денесі табылды. Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні Төлепов көшесінде болған. 34 жастағы әйелдің денесі автокөліктің ішінен табылған. Алдын ала деректерге сәйкес, әйел пышақ жарақаттарынан көз жұмған.

Оқиға туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Кешікпей күдік тудырған 35 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

"Бірнеше жерден пышақталған": Қарағандыда көлік ішінен 34 жастағы әйелдің денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.