"Ондаған адамның сүйегі табылған": ШҚО-да ескі зират үстінен аурухана салынып жатыр
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында ескі зираттың үстінен аурухана салынып жатыр. Шашылған адам сүйектерін көрген бұқара шенеуніктерден құрылысты тоқтатуды талап етуде. Жұрт атқамінерлердің бұл әрекетін "аруақты қорлау" деп отыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Шемонаиха қаласында аудандық аурухананың инфекция бөлімшесінің жаңа корпусының құрылысы басталған. Алайда жер телімі ескі зираттың үстінен түскен. Ал жұрт бұл қорымға өткен ғасырда жұқпалы індеттен көз жұмған адамдар жерленгенін айтып отыр. Телеарна мәлімтенше, олар құрылыс алаңынан шыққан топырақ арасынан ондаған адамның сүйегін тауып алған. Сондықтан тұрғындар аурухана құрылысына үзілді-кесілді қарсы.
Ал шенеуніктер табылған адам сүйектері далада қалмай, шариғат заңымен қайта көмілетінін айтып отыр.
"Әр жылдары бұл аумақта құрылыс жүргізілді. Соның ішінде аудандық аурухана да салынды. Мұндай жағдайлар бұған дейін де кездесті. Полиция қортындысы бойынша табылған сүйектер қайта жерленуге тиіс. Олардың тарихи құндылығы жоқ", - дейді ШҚО әкімі баспасөз қызметінің маманы Қымбат Мұхамадиева.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2369898-ondagan-adamnyng-suiegi-tabylgan-shqo-da-eski-zirat-ustinen-auruhana-salynyp-zhatyr/