jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Балаларға қауіпті": Атырауда элиталық баспана тұрғындары сасық иістен тұншығып отыр

Баспана
Қоқыс жатқан жер. Кадр: "Алматы" арнасы

Атырауда сасық иістен тұншыққан тұрғындар өз шағымын жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тұрғын үй кешенінен 100 метр қашықтықта орналасқан қоқыс қалдықтары элиталық баспана жұртын әбден мезі еткен. Тұрғындардың айтуынша, мүңкіген иіс мұрынды жарып, қауіп төндіріп тұр. Құрылыс қалдықтары шашылған аумақ қоршауға да алынбаған.

"Күннен-күнге су ағып келіп, сасып жатыр. Жазда балаларға қауіпті. Ауру тарайды. Құрт-құмырсқа қаптайды. Айналасы қоршалмаған", – деді қала тұрғыны Гүлжихан Әбуғалиева.

"Күн жылынып жатыр, иіс келе бастады. Демалуға қиын болайын деп тұр. Балалар ойнайды, шара қолдануды сұраймыз", – деді қала тұрғыны Берік Әбуғалиев.

Көпшілік қолаңса иістен есік-терезе ашудан қалғанын айтып отыр. Ал аптап ыстықта жағдай тіптен ушығады деуде.

Зейнеткер Әлібек Саржанов бірнеше рет ауыр жүк көліктерінің құрылыс материалдарын төгіп жатқанын көрген. Ескерту жасағанымен, ешкім елемеген.

"Кәріз желісі, маса, шыбын терезе ашқызбайды. Түнде қоқыс төксең, үстіне тышқан, егеуқұйрық шығып алады. Ылғалдан пайда болады, оны ешкім тазалап жатқан жоқ, 2012 жылдан бері жатқан қалдық", – деді қала тұрғыны Әлібек Саржанов.

Ал Арнаулы автобаза мекемесінің өкілдері күндіз-түні тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты.

"Біздің тараптан тұрғындардан түскен өтініш бойынша күнделікті жұмыс жүріп жатыр. Тоқтаған емес. Өтініш түскен бойда тазалап жатырмыз. Тұрмыс қалдықтарына арналған қоқыс нүктесі болған соң, үлкен компаниялар құрылыс қалдықтарын толтырып тастап жатыр. Олар арнайы полигон аймағына апарып төгілуге тиіс", – деді Атырау арнаулы автобаза мекемесінің учаске басшысы Рауан Ибатоллаев.

"Шыдамның да шегі бар" деген жұрт облыс әкіміне үміт артып отыр.

Автор: Жұлдыз Қайратқызы

"Балаларға қауіпті": Атырауда элиталық баспана тұрғындары сасық иістен тұншығып отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.