jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

СҚО-да 34 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат жеке куәлігін алды

Сергей Порядкин
Сергей Порядкин. Кадр: "Алматы" арнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 34 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

58 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны Сергей Порядкин төлқұжатын 1990 жылдардың басында жоғалтып алған. Содан бері түрлі себептерге байланысты оны қайта рәсімдей алмай, бір өңірден екіншісіне көшіп жүрген.

Осы уақыт ішінде ол медициналық көмек ала алмай, тек жалдамалы жұмыс істеген. Алайда азамат туған жеріне оралғаннан кейін учаскелік инспектор мен көші-қон қызметінің көмегімен оның жеке деректері қалпына келтірілді. Нәтижесінде оған жеке куәлік рәсімделді.

"1992 жылы төлқұжатымды жоғалтып алдым. Түрлі себептерге байланысты куәлігімді жасауға мүмкіндік болмады. Туған жеріме келген соң учаскелік инспектор Бахтияр қолдау көрсетіп, барлық істі реттеп берді. Енді ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алдым", – деді Қызылжар ауданының тұрғыны Сергей Порядкин.

"Өңірде жеке басын растайтын құжаттары жоқ азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Биыл 17 азаматтың құжаты қалпына келтірілді. Тағы бірнеше өтініш тексеріліп жатыр", – деді Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Еділ Қазиев.

СҚО-да 34 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат жеке куәлігін алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.