jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таза Қазақстан: Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Орал қаласында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар атсалысты, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналғандар алдымен Шаған өзенінің жағалауын тазалап, абаттандырды. 500-ден астам адам қатысқан акцияда қарағай, үйіңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы президент тапсырмасына сәйкес "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы өңірде кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын айтып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды.

Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

"2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты, 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады", -деді Нариман Төреғалиев.

Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120000 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер отырғызды.

Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Таза Қазақстан: Оралда 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.