jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Екі ұлынан тоғыз немере": Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды (видео)

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов. Фото: ontustiktv.kz

Желіде Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды. Ақынның екі ұлы да өмірден өткен, деп жазады Aikyn.kz.

Бекзат Саттархан есімді желі қолданушысы ақынның туған ауылына барып, артында қалған ұрпағымен кездескенін айтты. Айтуынша, ақынның екі ұлынан тараған 9 немересі бар. 

Ақынның ұлдары Рауан мен Қуаныш өмірден өткен.

"Мұхтар Шахановтың келіні мен немерелерінен сұхбат алдым. “Асылдың сынығы, тектінің тұяғы” дегендей, атамыздың 2 ұлынан тараған 5 ұл, 4 қыз немересі бар. 2 ұлы да өмірден озған. Рауан ағамыз 2021 жылы, Қуаныш ағамыз 2025 жылы. Немерелері жауапкершілікті өз мойындарына алып, көңіл айтып келгендерге қызмет етіп жүр. Қуаныш ағамыздан 2 перзент; Елқанат аға мен Нұрмерей әпке.

Видеода атамыздың кіші келіні, Рауан ағамыздың асыл жары – Жаңагүл жеңешеміз, ұлдары Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар, сондай-ақ Сәтмөр, Асыл, Балнұр есімді қыздары бар. Бәрі де атасының жолын қуатын, көздерінде жалыны бар қыздар мен жігіттер екен. Өмір жолдары ашық болғай!" - дейді видео авторы.

"Екі ұлынан тоғыз немере": Мұхтар Шахановтың ұрпағы жайлы видео жарияланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.